АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДА АУДИТ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

02.06.2026

Алматы облысы

60

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДА АУДИТ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы облысы, Талғар қаласында орналасқан «Malina_desserts», «Сегара Бөрек», «Романовский продукт» және «Khan Gourmet» шұжық өндірісі нысандарында халал талаптарының сақталуына қатысты аудит жұмыстары жүргізілді.

Аудит барысында өндірістік үдерістер, қолданылатын шикізаттар мен ингредиенттер, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, өнімдерді сақтау жағдайлары және ішкі құжаттамалар тексерілді. Сондай-ақ кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігі бағаланып, жауапты тұлғаларға қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар мониторинг барысында Алматы қаласындағы бірқатар нысандарға бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Райымбек батыр көшесі 2/1 мекенжайында орналасқан «Maki Maki» және «Плов Гриль» қоғамдық тамақтану орындарының «Халал Даму» куәлігінсіз қызмет көрсетіп отырғаны анықталды.

Аталған кәсіпкерлік субъектілеріне халал атауын пайдалану тәртібі мен қолданыстағы талаптар түсіндіріліп, тиісті ескертулер берілді.

Телефон WhatsApp