15.07.2026
Алматы облысы
78
ҚМДБ «Халал Даму» орталығының мамандары Алматы облысында халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жоспарлы аудит жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында ЖК «Дамели», «Lanzhou» (Қаскелең), ЖШС «Zhiger Trade», ЖК «New Energy Drinks», ЖШС «MCD Central Asia», ЖШС «Gold Sapa», ЖШС «Paknar Company» (кондитерлік өндірісі), ЖШС «Paknar Company» (химиялық өнімдер өндірісі), ЖШС «SBK Company» және ЖШС «АзияЭлитФудГрупп» кәсіпорындары қамтылды.
Аудит барысында өндіріс үдерістері, қолданылатын шикізат пен қосалқы материалдардың халал талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, өнімді сақтау шарттары және тиісті құжаттамалар жан-жақты зерделенді. Кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті ұсынымдар берілді.
Жоспарлы тексеріс жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің мамандары Жұмабеков Жанәбіл, Есіркеген Жансая және Жексембай Айжан жүргізді.
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі халал талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы бақылау-тексеру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруда.