06.02.2026
71
Алматы облысында орналасқан «Zigi zagi», «Mecca cola» және «A Product» өндірістік кәсіпорындарында халал талаптарының сақталуына қатысты жоспарлы аудит өткізілді.
Іс-шара барысында өндірістік процестердің ұйымдастырылуы, пайдаланылатын шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, дайын өнімді сақтау және тасымалдау шарттары зерделенді. Сонымен қатар өндірістік нысандардың санитарлық жағдайы, технологиялық тәртіптің сақталуы және құрал-жабдықтардың тазалығы назарға алынды.
Аудит нәтижесінде кәсіпорындарда халал стандарттарын сақтау бағытында тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқаны анықталды.
Шара барысында өндірістік қызметті одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсынымдар берілді.