АЛМАТЫДАҒЫ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРҒА «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ АЯСЫНДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

05.03.2026

Алматы

103

АЛМАТЫДАҒЫ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРҒА «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ АЯСЫНДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы қаласында «Kex Corn» ЖШС, «A-DONER» ЖШС, «Burger Na Abaya» ЖШС және «ABDURAZZAK» ЖШС кәсіпорындарында «Халал Даму» куәлігі аясында жоспарлы айлық аудит жүргізілді.

Аудит барысында кәсіпорындардағы өндіріс үдерісі, қолданылатын шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі, дайын өнімдердің сапасы мен санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы тексерілді. Сондай-ақ халал стандарт талаптарын тұрақты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған аудит жұмыстарын жергілікті өкіл Тирликбаев Өміржан және технолог Есіркеген Жансая бірлесіп атқарды.

Телефон WhatsApp