04.09.2026
Алматы
140
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерге қыркүйек айында халал өнімдерінің ең үлкен басқосуы өтетінін хабарлаймыз!
Бұл – жай ғана көрме емес. Бұл – «QMDB EXPO-2026»!
Егер сіз:
Жаңа халал өнімдерін байқап көргіңіз келсе;
Ерекше тәттілердің дәмін татқыңыз келсе;
Сүйікті фаст-фудыңыздың халал нұсқасын іздесеңіз;
Косметика мен тұрмыстық тауарлардың жаңа түрлерін көргіңіз келсе;
Жақындарыңызға ерекше дүние тапқыңыз келсе – бұл көрмені жіберіп алмаңыз!
Ал, ең қызығы – мұнда өнімді тек көріп қана қоймайсыз. Дәмін татасыз. Салыстырасыз. Өндірушімен сөйлесесіз. Өзіңіз үшін жаңа нәрсе ашасыз. Арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктерге ие боласыз.
Халал – тек тағам емес. Бұл – таңдау мәдениеті, тазалық пен жауапкершілік.
Сондықтан 19-20 қыркүйекте отбасыңызбен, достарыңызбен «QMDB EXPO-2026-ға» келіңіз.
📍 Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, «Бақшасарай» салтанат сарайы
📅 19–20 қыркүйек 2026 жыл
🎟️ Кіру тегін!
19–20 қыркүйек. Алматы. Біз сізді күтеміз!