«АСТАНА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ» СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Жаңалықтар

10.11.2026

97

«АСТАНА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ» СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Астана медресе колледжі» жеке мекемесінде студенттерге арналған семинар ұйымдастырылды.

Семинарды «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және технолог Мейіржан Бауыржанұлы жүргізді.

Кездесу барысында студенттерге халал ұғымы, адал ас тұтынудың маңыздылығы, халал стандарттарының талаптары және тағам өнімдерінің шариғатқа сәйкестігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинар соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауап алды.

Чем я могу Вам помочь?