АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ХАЛАЛ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ КУӘЛІГІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Жаңалықтар

06.04.2026

Атырау

53

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ХАЛАЛ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ КУӘЛІГІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Атырау қаласындағы «Aлиф» кондитерлік дүкені, «Zau Zau» кондитерлік дүкені және «Doner na Abaya» тамақтану орны халал куәліктерін жаңартты.
Куәлікті Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы табыстады.
Шара барысында бас имам халал талаптарын сақтау – тек діни ұстаным ғана емес, сонымен қатар тұтынушы алдындағы үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Ол кәсіпкерлерді өнім сапасына, тазалыққа және адалдық қағидаттарына әрдайым мән беруге шақырды.
Аталған кәсіп орындары халал стандартына сай қызмет көрсетіп, тұрғындарға сапалы әрі шариғат талаптарына сәйкес өнім ұсынуды жалғастыра бермек.
Телефон WhatsApp