19.03.2026
Атырау
46
Атырау қаласында «Алиф» кондитерлік өнімдері, «Yasar Usta» ет дүкені, «Doner na Abaya» қоғамдық тамақтану орны және «Халил Уста» ет дүкенінде жоспарлы аудит жұмыстары өткізілді.
Аудит барысында өнім дайындау үдерісі, қолданылатын шикізаттың сапасы, сақтау шарттары, өндірістік тазалық талаптары және халал стандарттарының сақталу деңгейі жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар кәсіпорындардағы өндіріс кезеңдерінің шариғат талаптарына сәйкестігі қарастырылды.
Тексеру нәтижесінде кәсіпкерлерге халал талаптарын сақтау және өндірістік процестерді жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Аудит жұмыстары «Халал Даму» мекемесінің мамандары тарапынан жүзеге асырылды.