АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

30.06.2026

Атырау

81

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты маманы Назарбай Базарқұлұлы мен технолог маман Назерке Телқозықызы Атырау қаласындағы «QMDB HALAL» куәлігіне ие бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы тексеріс жүргізді.

Тексеру барысында кәсіпорындардағы халал талаптарының сақталуы, қолданылатын шикізаттың шығу тегі, өнімді дайындау үдерісі, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және тиісті құжаттамалар зерделенді.

Жоспарлы тексеріс: «COFE TRAVELERS», «AFSONA», «ХАЛИЛ УСТА», «ZAU-ZAU» кондитерлік цехы, «NAN CAKES & BAKES», «BALYK BAR» және «ZAYTUNA» кәсіпорындарында жүргізілді.

Жоспарлы бақылау жұмыстарының мақсаты – халал стандарттары талаптарының тұрақты сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушылар сенімін арттыру және кәсіпорындардың халал өндіріс қағидаларын ұстануын бақылау.

Тексеру барысында кәсіпорын өкілдеріне халал талаптарын қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар берілді.

Тексеру қорытындысы бойынша халал талаптарына сәйкессіздіктердің анықталуына байланысты «ZAYTUNA» және «BALYK BAR» қоғамдық тамақтану орындарының «QMDB HALAL» куәлігінің күші тоқтатылды. Аталған кәсіпорындар халал стандарттарының талаптарын толық орындағаннан кейін ғана куәлікті қайта алу рәсімінен өте алады.

Телефон WhatsApp