АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫ
Жаңалықтар

20.08.2026

Атырау

128

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Нұрбек Қанатұлының Атырау облысына іссапары аясында жаңадан «QMDB HALAL» куәлігін алуға өтініш білдірген кәсіпорындарда аудит жұмыстары басталды.

Іссапар барысында кәсіпорындардың өндірістік нысандары зерделеніп, қолданылатын шикізат пен өнімдердің құрамы, өндірістік процестердің ұйымдастырылуы және халал талаптарына сәйкестігі тексерілуде.

Сонымен қатар, кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының талаптары түсіндіріліп, анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берілуде.

Аудит жұмыстарының қорытындысы бойынша кәсіпорындардың «QMDB HALAL» куәлігін алу талаптарына сәйкестігі бағаланады.

Телефон WhatsApp
Чем я могу Вам помочь?