АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

08.07.2026

Атырау

78

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

«Халал Даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты маманы Назарбай Базарқұлұлы мен технолог маман Назерке Телқозықызы өңірдегі «QMDB HALAL» куәлігін иеленген кәсіпорындарға жоспарлы тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, тексеріс барысында өндіріс орындарындағы халал талаптарының сақталуы, өнімнің дайындалу технологиясы, шикізаттың сапасы, санитарлық-гигиеналық жағдайлар және құжаттамалардың реттілігі жіті тексерілді.

Жоспарлы бақылаудан мына кәсіпорындар сәтті өтті «Айша Торт» кондитерлік дүкені, «ШОҚ Дөнер» фаст-фуд дүкені, «ИП Рахметов» жартылай фабрикат өнімдерін өндіру орны.

Сонымен қатар, «Афсона» мейрамханасы «QMDB HALAL» стандарты бойынша халал сертификатын сәтті жаңартты.

Бұл тексеріс халық тұтынатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіз, таза әрі шариғат талаптарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Халал талаптарының тұрақты сақталуын қадағалау үшін мұндай мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.

Телефон WhatsApp