АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖОСПАРЛЫ БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛІП, ЖАҢА КӘСІПОРЫНҒА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

07.07.2026

Атырау

58

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖОСПАРЛЫ БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛІП, ЖАҢА КӘСІПОРЫНҒА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

«Халал Даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша өкілі Назарбай Базарқұлұлы жұмыс сапарымен Жылыой ауданының Құлсары қаласына барып, өңірдегі «QMDB HALAL» куәлігіне ие кәсіпорындарда жоспарлы бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында «Асма» ет дүкені мен «МАКО» ет және шұжық өнімдерін өндіретін өндірістік цехтың халал талаптарын сақтау деңгейі зерделеніп, өндіріс үдерісі, қолданылатын шикізат және дайын өнімдердің «QMDB HALAL» стандартына сәйкестігі тексерілді.

Сонымен қатар, Құлсары қаласындағы «Doner na Abaya Fast Food» қоғамдық тамақтану орнына «QMDB HALAL» куәлігі табысталды. Кәсіпорын халал стандарттарының талаптарына толық сәйкес деп танылып, ресми куәлікке ие болды.

Іссапар аясында кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, халал өндіріс талаптарын сақтау, шикізаттың сапасы мен тазалығын қамтамасыз ету, өндірістік процестерді шариғат талаптарына сай ұйымдастыру және тұтынушылар сенімін арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Телефон WhatsApp