16.03.2026
Атырау
34
Атырау өңірінде қайырымдылық мақсатында таратылып жатқан тағам өнімдерінің сапасы мен құрамы тексерілді. Тексеру жұмыстарын “Халал Даму” мекемесінің өңірдегі өкілі Назарбай Абдуроманов жүргізді.
Тексеру барысында қайырымдылыққа арналған азық-түлік өнімдерінің құрамына, халал талаптарына сәйкестігіне және жарамдылық мерзіміне назар аударылды. Сондай-ақ тағамдардың сақталу жағдайы мен сапасы да арнайы қаралды.
Мамандардың айтуынша, мұндай бақылау жұмыстары халыққа таратылатын өнімдердің қауіпсіз әрі халал талаптарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар қайырымдылық шаралары кезінде ұсынылатын тағамдардың сапасына ерекше мән беру маңызды екені айтылды.