13.04.2026
БҚО
111
Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан Maki Maki фастфуд орталығы нысанында «Халал Даму» стандарты талаптарына сәйкес жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Аталған кәсіпорын қазіргі уақытта халал талаптарына сәйкестігін растау мақсатында куәліктерін жаңарту үдерісінен өтуде. Осыған байланысты, тексеріс барысында өндіріс үдерістері, тағам дайындау технологиясы, қолданылатын шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы жан-жақты қарастырылды.
Мамандар тарапынан кәсіпорын жұмысына жалпы оң баға беріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды. Кемшіліктер анықталған жағдайда, оларды жою бойынша тиісті нұсқаулықтар берілді.