БАС МҮФТИ ҮЗДІК ХАЛАЛ КӘСІПОРЫНДАР МЕН МАМАНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
Жаңалықтар

19.09.2026

Алматы

48

БАС МҮФТИ ҮЗДІК ХАЛАЛ КӘСІПОРЫНДАР МЕН МАМАНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда алғаш рет өтіп жатқан «QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі аясында үздік халал кәсіпорындар мен сала мамандарын марапаттады.

Салтанатты рәсімінде халал индустриясының дамуына үлес қосқан, сапалы өнім өндіріп, сала стандарттарының сақталуына атсалысқан кәсіпорындар мен кәсіби мамандарға арнайы марапаттар табысталды.

2026 жылдың «Үздік халал кәсіпорын» марапатының иегерлері:

1. «Тойбосс» ЖШС;
2. «PUFFICO» ЖШС;
3. «ASL CORN ELIT» ЖШС;
4. «Craffers» ЖШС;
5. «Lalu Cake»;
6. «Тулпар-Элит» ЖШС.

«Сенім мен сапа кепілі» марапатына ие болған кәсіпорындар:

1. «Sulu Kazakhstan»;
2. «RAIM FOOD».

2026 жылдың «Үздік маман» марапатының иегерлері:

1. Жиенғалиева Мөлдір Әнетқызы;
2. Ибрагим Аймекен Амангелдіқызы;
3. Саурақбай Ақбота Болатбекқызы.

Марапаттау рәсімі халал индустриясы өкілдерінің еңбегін бағалап, сапалы өнім өндірісін ынталандыруға және сала мамандарының кәсіби дамуына қолдау көрсетуге бағытталды.

Телефон WhatsApp
Чем я могу Вам помочь?