БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Жаңалықтар

25.05.2026

БҚО

54

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Семинар барысында қатысушыларға халал ұғымының қоғамдағы орны, адал ас пен тұтынудың маңыздылығы, отбасы құндылықтары және әйел адамның тәрбиедегі рөлі жайында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалып, күнделікті өмірде шариғат талаптарын ұстанудың маңыздылығы насихатталды.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, халал өнімдерге қатысты ақпараттар мен түсіндірмелер айтылды. Семинар соңында жамағатқа рухани бағыт-бағдар беріліп, осындай тағылымды кездесулердің маңыздылығы атап өтілді.

Телефон WhatsApp