25.05.2026
БҚО
58
Батыс Қазақстан облысында QMDB HALAL стандарты бойынша жоспарлы тексеріс жұмыстары жалғасуда.
Атап айтқанда, ЖК «Шайхиева» «Динара тәттілері» және ЖШС «KazKon» кәсіпорындарында халал талаптарының сақталуына бақылау жүргізілді.
Тексеріс барысында өндіріс орындарындағы шикізат құрамы, өнім дайындау үдерісі, санитарлық талаптардың орындалуы және халал стандартына сәйкестігі қаралды.
Аталған тексеріс жұмыстарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» мекемесінің маманы Омарова Айжан және Батыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті өкіл Асхат Асылбеков жүргізді.
Мұндай бақылау жұмыстары тұтынушыларға сапалы әрі шариғат талаптарына сай өнім ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.