БЕЙНЕУ ҚАЛАСЫНДА ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Жаңалықтар

29.04.2026

Маңғыстау облысы

18

БЕЙНЕУ ҚАЛАСЫНДА ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Маңғыстау облысы, Бейнеу қаласындағы Ыбырайым Ахун мешітінде әйел жамағатына арналған танымдық семинар ұйымдастырылды. Семинарды технолог Мөлдір Анетқызы жүргізді.

Іс-шара барысында халал ұғымы, адал өнім таңдаудың маңыздылығы, сондай-ақ күнделікті тұрмыста халал талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, әйел жамағаты тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болды. Мұндай рухани-ағартушылық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Телефон WhatsApp