БЕЙНЕУ АУДАНЫНДАҒЫ СҮТ ЗАУЫТЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

28.04.2026

Маңғыстау облысы

36

БЕЙНЕУ АУДАНЫНДАҒЫ СҮТ ЗАУЫТЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында орналасқан «Әділ сүт өнімдері» сүт зауытында тексеріс жұмыстары жүргізілді. Аудит барысында кәсіпорынның өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізат көздері және дайын өнімнің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды.

Тексеру кезінде өндірістегі санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы мен технологиялық тәртіптің орындалуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жауапты мамандарға халал стандарттарының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорынға тиісті ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта халал талаптарын одан әрі жетілдіру қажеттігі атап өтілді.

Телефон WhatsApp