08.06.2026
Ақтөбе
99
Ақтөбе қаласында «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне арналған «Біздің таңдауымыз — адал ас» атты танымдық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас буынға халал тағам ұғымын түсіндіру, адал астың адам өміріндегі маңызы мен оның рухани және денсаулыққа тигізетін пайдасы жөнінде кеңінен ақпарат беру.
Семинар барысында қатысушыларға халал және харам ұғымдарының айырмашылығы, күнделікті тұтынатын өнімдерді таңдаудағы жауапкершілік, тағам құрамын дұрыс оқу және «QMDB Halal» белгісінің ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, шәкірттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Ұйымдастырушылар мұндай тағылымдық кездесулердің жастардың діни сауатын арттыруға, саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыруға және адал асты таңдаудың маңызын түсінуге ықпал ететінін атап өтті.
Семинар соңында қатысушыларға адал астың құндылығы мен халал өмір салтының ерекшеліктері жөнінде пайдалы мәліметтер беріліп, естелік суретке түсті.