«ХАЛАЛ ДАМУ» ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУДА
Жаңалықтар

02.04.2026

Түркия

540

«ХАЛАЛ ДАМУ» ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУДА

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және  мекеме мамандары Түркия астанасы Анкара қаласында өтіп жатқан  халықаралық оқу семинарына қатысуда.

Аталған семинар Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) мен Түркия Республикасының Халал аккредиттеу мекемесінің (HAK) бірлесіп ұйымдастыруымен өтуде. Бір апталық оқу бағдарламасы “Халал аккредитациясы және персоналды сертификаттау бойынша техникалық оқыту” тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

Семинар барысында қатысушылар халал аккредитациясы және персоналды сертификаттау саласындағы кәсіби біліктіліктерін арттырып, халықаралық тәжірибе мен үздік практикаларды зерделеу үстінде. Сонымен қатар саладағы өзекті мәселелер талқыланып, өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігі кеңеюде.

Халықаралық оқу бағдарламасына Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Тәжікстан мемлекеттерінен халал сертификаттау және стандарттау саласының мамандары қатысуда.

Аталған іс-шара отандық халал индустриясын дамытуға, халықаралық талаптарға сәйкестікті арттыруға және сала мамандарының кәсіби деңгейін жетілдіруге өз үлесін қосады деп көзделуде.

Телефон WhatsApp