КӨКШЕТАУДА ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ БЕРІЛДІ
Жаңалықтар

23.02.2026

Көкшетау

148

КӨКШЕТАУДА ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ БЕРІЛДІ

Көкшетау қаласында қоғамдық тамақтану саласында адал стандарттарды ілгерілету мақсатында бірқатар мекемелерге “Халал Даму” куәліктері табысталды.

Атап айтқанда, «Румман», «Burger et», «24 асхана», «Ассалам», «Shanyraq», «Kiki’s Chicken» және «Jakyn» асханалары халал талаптарға сәйкестігін растайтын ресми куәлікке ие болды.

Сертификаттау барысында аталған мекемелердің тағам әзірлеу үдерісі, шикізаттың шығу тегі, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы және қызмет көрсету талаптары жан-жақты тексерілді. Нәтижесінде, белгіленген стандарттарға толық сәйкес келген нысандарға «QMDB HALAL» куәлігі берілді.

Телефон WhatsApp