05.11.2026
Көкшетау
28
Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Адал ас – имандылық пен ізгі өмірдің негізі» тақырыбында қыз-келіншектерге арналған семинар өтті.
Тағылымды кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» орталығының бас маманы Тілектес Мейіржан Бауыржанұлы арнайы қатысып, халал тағам тұтынудың маңыздылығы, шариғат талаптары және адал астың адам өміріндегі орны туралы кеңінен түсіндірді.
Семинар барысында халал өнімдерді дұрыс таңдау, тағам құрамындағы күмәнді қоспаларға мән беру және күнделікті өмірде адал ас тұтыну мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан тұшымды жауаптар алды. Тағылымды шара қыз-келіншектердің халал талаптары жөніндегі білімін арттыруға және адал ас тұтынудың маңызын насихаттауға бағытталды.