06.03.2026
Орал
47
Орал қаласындағы мешіт асханаларында халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында «Халал Даму» мамандары тарапынан тексеріс жұмыстары жүргізілді. Қасиетті Рамазан айында мешіттерде ұйымдастырылатын ауызашар дастархандарына ұсынылатын тағамдардың халал талаптарына сай болуы ерекше назарға алынды.
Тексеру барысында асханаларда пайдаланылатын азық-түлік өнімдерінің халал стандарттарына сәйкестігі, тағам дайындау процесіндегі санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және қолданылатын шикізат көздерінің дұрыстығы қарастырылды. Сонымен қатар, асхана қызметкерлеріне халал стандарт талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті кеңестер берілді.
Аталған жұмыстар мешіттерде ауызашар дастарханына ұсынылатын тағамдардың сапалы әрі халал талаптарына толық сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мұндай бақылау шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.