«ОРДАБАСЫ ҚҰС» КӘСІПОРНЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Жаңалықтар

12.11.2026

Түркістан облысы

52

«ОРДАБАСЫ ҚҰС» КӘСІПОРНЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан «Ордабасы құс» кәсіпорнында халал стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында тексеріс жұмыстары басталды.

Тексеру шараларын «Халал Даму» мекемесінің технологі Нұрбек Қанатұлы мен Шымкент қаласы бойынша жергілікті өкіл Қазбек Сарыбаев жүргізуде.

Бақылау барысында кәсіпорынның өндірістік үдерістері, құс сою технологиясы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және өнімдердің халал стандарттарына сәйкестігі зерделенуде.

Аталған тексеріс жұмыстары халал өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндіріс орындарында бекітілген талаптардың тұрақты сақталуын қадағалауға бағытталған.

 

Чем я могу Вам помочь?