ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

08.04.2026

Павлодар

169

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Павлодар қаласында «Холод», «Tigran Food», «Izmir», «Sushi Luxe», «Tagam», «Discovery», «Lanzhou» және «Santos» қоғамдық тамақтану және өндіріс орындарында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, тағам дайындау кезеңдері, қолданылатын шикізаттардың халал стандарты талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы жан-жақты тексерілді. Тексеру кезінде мамандар тарапынан қызметкерлерге халал талаптарын сақтау, шикізатты қабылдау және сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік ұсыныстар берілді.

Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорындардың қызметі бақылауға алынып, халал талаптарын тұрақты түрде сақтау қажеттігі ескертілді.

Телефон WhatsApp