ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА МЕШІТ АСХАНАЛАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Жаңалықтар

17.03.2026

Павлодар

24

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА МЕШІТ АСХАНАЛАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Павлодар облысы бойынша мешіт асханаларында жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді. Аталған тексерістердің басты мақсаты – қоғамдық тамақтану орындарында ұсынылатын тағамдардың халал талаптарына сәйкестігін бақылау.

Тексеру барысында ас мәзіріндегі өнімдердің құрамы, тағам дайындау үдерісі, шикізаттың сапасы мен сақталу шарттары мұқият қаралды. Сонымен қатар, асхана қызметкерлеріне халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудит нәтижесінде бірқатар асханаларда халал талаптарының сақталуы оң бағаланды. Кемшіліктер анықталған нысандарға ескертулер беріліп, оларды түзету бойынша нақты ұсыныстар ұсынылды.

Телефон WhatsApp