22.10.2026
Ресей Федерациясы
64
Ресей Федерациясының Тольятти қаласында орналасқан «Номад Боттлерс» ЖШС кәсіпорнында қымыз сусындарына қатысты алғашқы аудит жұмыстары жүргізілуде.
Тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» мамандары Айтмұхан Айтқожаұлы мен Мейіржан Бауыржанұлы жүргізді.
Аудит барысында өндірістік үдерістер, қолданылатын шикізат пен өнім құрамының халал талаптарына сәйкестігі қарастырылуда.
Аталған жұмыстар кәсіпорынның өндіріс барысын бағалауға және қымыз сусындарының халал талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған.