13.02.2026
Ресей, Пенза
149
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, «Халал даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы және мекеменің технологы Нұрбек Қанатұлы тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясының Пенза облысы Бессонов ауданында орналасқан «Черкизово» құс фабрикасына және Городищенский ауданы, Средняя Елюзань ауылындағы «ЭКОПРОД» ЖШҚ кәсіпорнына барды.
Іссапар барысында құс етін өндіру, өңдеу, сақтау және тасымалдау кезеңдеріндегі халал талаптарының сақталу барысы зерделеніп, өндірістік үдерістердің ұйымдастырылуы, өнімнің халал стандарттарына сәйкестігі, сондай-ақ Қазақстанға Ресейден импортталатын құс өнімдерінің өндірілуі мен өңделу тәртібі қаралды.