27.08.2026
Шымкент
120
ҚМДБ «Халал Даму» басшысы Айбек Асқарбекұлы және технолог Нұрбек Қанатұлы іссапар аясында Шымкент қаласындағы «Shymkent Dehui Gelatin Co., Ltd» ЖШС желатин өндірісінде тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Іссапар барысында мамандар кәсіпорынның өндірістік нысанымен танысып, желатин өндірудің технологиялық кезеңдерін жан-жақты зерделеуде.
Тексеру жұмыстары кезінде өндірісте қолданылатын шикізаттың шығу тегі, оның халал талаптарына сәйкестігі, өндірістік процестердің белгіленген талаптарға сай жүргізілуі, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық жағдайы қарастырылуда.
Сонымен қатар өндірісте қолданылатын қосымша материалдар мен технологиялық процестердің халал стандарттарына сәйкестігіне назар аударылуда.
Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша кәсіпорынға тиісті ұсынымдар беріліп, анықталған мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.