ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КЕЗЕКТІ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

30.03.2026

Шымкент

59

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КЕЗЕКТІ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласында орналасқан «Нұрдәулет» және «СПК Алма» шұжық цехтарында, сондай-ақ «София», «Мечта» және «Солиха тәттілері» кондитерлік өнім өндіру орындарында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі, өнім дайындау технологиясы, сақтау шарттары мен санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал стандарттарының негізгі қағидалары түсіндіріліп, өндіріс барысында шариғат талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Тексеру нәтижесінде аталған кәсіпорындардың қызметі бақылауға алынып, халал талаптарының тұрақты сақталуына назар аударылды. Кезекті аудит жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Телефон WhatsApp