28.07.2026
Шымкент
9
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі халал стандарты талаптарына сәйкес жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» куәлігін табыстады және қолданыстағы куәліктердің мерзімін жаңартты.
Атап айтқанда, «Донер на Абая» және «Бургер на Абая» қоғамдық тамақтану орындары алғаш рет «QMDB HALAL» куәлігіне ие болды.
Сонымен қатар, «Дони ЛтД» кәсіпорны халал талаптарына сәйкестігін қайта растап, «QMDB HALAL» куәлігінің мерзімін сәтті жаңартты.
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі халал талаптарының сақталуын тұрақты түрде бақылап, кәсіпорындардың өндірістік және қызмет көрсету үдерістерінің шариғат талаптары мен халал стандартына сәйкестігін қадағалауды жалғастырады.