ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

05.03.2026

Шымкент

116

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласында қоғамдық тамақтану орындарында халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында кезектен тыс аудит жұмыстары жүргізілді. Аудит барысында бірқатар тамақтану орындары тексеріліп, халал стандарттарының орындалу деңгейі қарастырылды.

Атап айтқанда, «Каусар» шайханасының барлық нүктелерінде, сондай-ақ «Көк сарай», «Мизам» және «Алтын адал ас» қоғамдық тамақтану орындарында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, шикізаттың шығу тегі, сақтау және дайындау процестері қаралды.

Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне халал стандартының талаптары түсіндіріліп, тағам дайындау барысында адалдық қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай бақылау шаралары тұтынушыларға ұсынылатын тағамдардың халал талаптарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Телефон WhatsApp