27.08.2026
Шымкент
123
Түркістан облысында орналасқан «Балмұздақ» ЖШС-не кондитерлік өнімдерінің халал талаптарына сәйкестігін растайтын «QMDB HALAL» куәлігі табысталды.
Куәлікті ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын өкілдеріне арнайы табыстады.
Куәлік табыстау барысында кәсіпорынның өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізат пен өнім құрамының халал стандарт талаптарына сәйкестігіне назар аударылды.
«QMDB HALAL» куәлігінің берілуі – кәсіпорын өнімдерінің халал талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстың нәтижесі.
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі кәсіпорындардағы халал талаптарының сақталуын бақылау және тұтынушыларға сапалы әрі талапқа сай өнім ұсынуды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.