ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

03.06.2026

Шымкент

75

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласында орналасқан «Баханди» өндірістік цехында, «Айжамал тәттілері» кондитерлік цехында, «Каусар» кондитерлік және ет цехтарында, сондай-ақ «Каусар» шайханасында айлық аудит жұмыстары жүргізілді.

Бақылау-қадағалау шаралары барысында өндіріс орындарының халал талаптарына сәйкестігі, қолданылатын шикізаттардың құжаттары, өндірістік үдерістердің орындалуы, санитарлық-гигиеналық жағдайлар және халал стандарттарының сақталуы тексерілді.

Аудит жұмыстарын «Халал Даму» маманы, технолог Аружан Аралбай жүргізді. Тексеру барысында кәсіпорын өкілдеріне халал стандартының талаптары түсіндіріліп, өндірістік үдерістерді жетілдіруге қатысты тиісті ұсыныстар берілді.

Телефон WhatsApp