11.03.2026
Шымкент
42
Шымкент қаласында Рамазан айына орай ұйымдастырылған ауызашар дастархандарына халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында тексеріс жұмыстары жүргізілді. Аталған тексеріс барысында қоғамдық ауызашар дастархандары, сондай-ақ муфтийдің ауызашар дастарханы мен Рамазан айына арналған тәтті өнімдер қаралды.
Тексеру кезінде тағам өнімдерінің құрамы, дайындалу барысы, шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі және санитарлық нормалардың сақталуы назарға алынды. Мамандар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты қызметкерлерге халал стандарттарын сақтау бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Аталған тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» жергілікті өкілі Сарыбаев Қазыбек және технолот Аружан Маратқызы жүзеге асырды.
Қаламыздағы ауызашар дастархандарының халал талаптарына сай ұйымдастырылуы – Рамазан айындағы маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.