ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРҒА ХАЛАЛ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

23.02.2026

Шымкент

138

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРҒА ХАЛАЛ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында бірқатар өндіріс орындары мен цехтар халал талаптарына сәйкестігін растады. Атап айтқанда, “Eliko Snacks” ЖШС снэк өнімдері, “D-group” ЖК қасапханасы және “Нәр талқан” талқан өндірісі алғаш рет “Халал Даму” куәлігін алды.

Тексеру барысында кәсіпорындардағы шикізаттың сапасы, өндірістік үдерістердің шариғат талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдайлар мен сақтау шарттары жан-жақты қаралды. Нәтижесінде аталған нысандарға халал стандартына сай жұмыс жүргізуге рұқсат берілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы “Ханский”, “Кая”, “Шымкент құс” және “Нарлен” цехтары халал куәліктерін жаңартты. Бұл – аталған кәсіпорындардың талаптарды тұрақты түрде сақтап, өнім сапасына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.

Мұндай жұмыстар тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің адалдығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы уақытта да бақылау және мониторинг шаралары жүйелі түрде жалғасатын болады.

Телефон WhatsApp