27.07.2026
Шымкент
24
Шымкент қаласындағы «Тура жол» мешітінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсына қатысып жатқан балаларға арнайы семинар ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жас өскелең ұрпаққа адалдық, тазалық және халал тағамның маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинар барысында балаларға халал ұғымының мәні, оның адам өміріндегі маңызы және күнделікті тұтынатын тағамдарға жауапкершілікпен қарау қажеттігі жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.
Іс-шараға Шымкент қаласының әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова, Насиба ұстаз және «Халал Даму» маманы, технолог Аружан Маратқызы қатысты.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың діни сауатын арттырып, адал әрі халал өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.