19.08.2026
Шымкент
138
Шымкент қаласында «Халал Даму» мекемесі тарапынан «QMDB HALAL» стандарты талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жоспарлы бақылау-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік және қызмет көрсету процестері, қолданылатын шикізат пен өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, құжаттамалары және технологиялық талаптардың орындалуы қарастырылады.
Сонымен қатар, кәсіпорындардағы санитарлық тазалық, өнімдерді сақтау талаптары және өндірістік процестердің белгіленген халал стандарттарына сәйкестігіне назар аударылады.
Бақылау-тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты – «QMDB HALAL» куәлігі бар кәсіпорындарда халал талаптарының тұрақты сақталуын қамтамасыз ету және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің сапасына бақылау жүргізу.
ҚМДБ «Халал Даму» мамандары тарапынан Шымкент қаласындағы кәсіпорындарға жоспарлы бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табады.