05.10.2026
Шымкент
76
Шымкент қаласында «QMDB HALAL» мамандарының қатысуымен шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында өндіріс орындарының санитариялық жағдайы, өндірістік процестердің ұйымдастырылуы, қолданылатын шикізат пен өнімдердің құжаттары, сондай-ақ халал талаптарының сақталуы назарға алынды.
Мамандар кәсіпорындардағы өндіріс барысын бақылап, белгіленген талаптарға сәйкестігін тексерді. Сонымен қатар, жауапты мамандарға халал стандарттарын сақтау және өндірістік процестерді талапқа сай жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«QMDB HALAL» жүйелі түрде кәсіпорындарға аудит және тексеру жұмыстарын жүргізіп, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.