26.02.2026
Шымкент
86
Қождан ата Жиеней мешітінде әйел-қыздар секторы үшін семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны технолог Аружан Маратқызы жүргізді, ұйымдастырушысы – Балжан Досжанова.
Семинар барысында қатысушыларға халал тағам дайындау, шариғат талаптарын сақтау, қызметкерлердің гигиенасы сияқты маңызды мәселелер бойынша ақпарат беріліп, тәжірибелік кеңестер ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты – әйел-қыздар қауымын адам қоғамындағы адал ас дәстүрін сақтауға үйрету және халал өнімдердің сапасына деген сананы арттыру.