17.02.2026
Шымкент
108
Сейітжан қари мешітінде «Адал ас – жан азығы» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны Аружан Маратқызы жүргізіп, қатысушыларға адал астың рухани және шариғи маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірме берді.
Семинар барысында тағамның халалдығы тек сыртқы талаптармен шектелмейтіні, оның адамның рухани болмысына, тәрбиесіне және қоғамның тазалығына тікелей әсер ететіні айтылды. Сондай-ақ күнделікті өмірде адал өнімді таңдаудың жауапкершілігі мен маңызы нақты мысалдар арқылы баяндалды.
Жиынға келген жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кездесу қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, адал асқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.