13.02.2026
Шымкент
84
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында Шымкент қаласы өкілдігінде қасиетті Рамазан айына дайындық бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.
Жиынға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастаған имамдар мен қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында Рамазан айындағы ауызашар дастарханында халал сертификаты бар тағам өнімдеріне басымдық беру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, ұлттық әрі табиғи азық-түлік өнімдерін (айран, құрт, қаймақ, тары, өрік, мейіз, сары май және т.б.) тұтынудың маңыздылығы атап өтілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі.