ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

03.07.2026

Түркістан облысы

54

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу елді мекенінде орналасқан «Чобани» дәмханасына «QMDB HALAL» халал куәлігі табысталды.

Куәлік табыстау рәсімі барысында жамағатқа «QMDB HALAL» стандартының маңыздылығы, халал өнімнің ерекшелігі және халал тұтыну мәдениетін қалыптастырудың мәні жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, халал сертификаттаудың талаптары мен оның қоғам үшін маңызы жөнінде ақпарат берілді.

Түсіндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін «Чобани» дәмханасына «QMDB HALAL» халал куәлігі салтанатты түрде табысталды.

«QMDB HALAL» стандартына сәйкес берілетін халал куәлігі кәсіпорын өнімдерінің және өндіріс процесінің шариғат талаптары мен халал стандарттарына сай екенін растайды. Халал талаптарының тұрақты сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындарда жоспарлы бақылау және мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Телефон WhatsApp