ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

24.10.2026

Түркістан

7

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында «Халал Даму» мамандарының қатысуымен кәсіпорындарда аудит жұмыстары жүргізілді. Тексерістің негізгі мақсаты – өндіріс орындары мен кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігін бағалау және белгіленген стандарттардың сақталуын бақылау.

Аудит барысында өндірістік үдерістердің ұйымдастырылуы, пайдаланылатын шикізат пен ингредиенттердің құрамы, тағамдық қоспалардың шығу тегі және өнімдерді сақтау талаптары қаралды. Сонымен қатар, өндіріс барысында халал және халал емес өнімдердің араласып кетуіне жол бермеу, санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау және шикізаттан дайын өнімге дейінгі үдерістердің белгіленген талаптарға сәйкестігіне назар аударылды.

«Халал Даму» мамандары кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының талаптарын түсіндіріп, өндірістік үдерістерді тиісті деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай аудит жұмыстары кәсіпорындарда халал талаптарының тұрақты сақталуын қамтамасыз етуге, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына деген сенімді арттыруға және тұтынушыларға адал өнім ұсынуға бағытталған.

Чем я могу Вам помочь?