ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

18.02.2026

Түркістан

95

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында бірқатар қоғамдық тамақтану және өндірістік нысандарға жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Кәусар» шайханасы, «АЮ FOOD», «Damday» жартылай фабрикат өндірісі, «Құрма» шайханасы және «Es marya» май цехы қамтылды.

Тексеріс барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, шикізаттың сақталуы, санитарлық талаптардың орындалуы және халал стандарттарының сақталуы қаралды.

Аудит жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының технолог маманы Аружан Маратқызы  жүргізді. Нәтижесінде кәсіпорындарға тиісті түсіндірме беріліп, алдағы уақытта талаптарды тұрақты сақтау бойынша ұсыныстар айтылды.

Мұндай бақылау шаралары өнім сапасын арттыруға және тұтынушылар сенімін нығайтуға бағытталған.

Телефон WhatsApp