15.07.2026
Түркістан
66
ҚМДБ «Халал Даму» орталығының Шымкент қаласы бойынша технологы Аружан Аралбай Түркістан қаласында орналасқан бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында «Daily Food» ет цехы, «Құрма» шайханасы, «АЮ FOOD» қоғамдық тамақтану орны, «Magnum» сауда желісі және «Кәусар» кәсіпорны қамтылды. Аудит аясында өндіріс үдерісі, қолданылатын шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, өнімді сақтау тәртібі және тиісті құжаттамалар зерделенді.
Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдеріне халал стандарты талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсынымдар берілді.