29.04.2026
Түркістан
23
Түркістан қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстары өткізілді. Тексеру барысында өндірістік үдерістердің халал талаптарына сәйкестігі, қолданылатын шикізаттың құрамы, сақтау және дайындау шарттары жан-жақты қаралды.
Аудит нәтижесінде «Айжамал тәттілері», «Тандыр», «Құрма», «Донер на Арғынбекова» нысандары тексерістен өтті. Мамандар тарапынан тиісті ұсыныстар беріліп, халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта да өңірдегі кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шаралары жүйелі түрде жалғасатын болады.