28.08.2026
Түркістан облысы
187
Түркістан облысы, Арыс қаласында дін қызметкерлеріне арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбында тағылымдық семинар ұйымдастырылды.
Семинарды «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы өткізді.
Кездесу барысында халал ұғымының шариғаттағы орны, адал әрі таза өнім тұтынудың маңыздылығы, сондай-ақ «QMDB HALAL» стандартының талаптары мен халал өнімдерді сертификаттау тәртібі жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Айбек Асқарбекұлы дін қызметкерлеріне күнделікті өмірде халал талаптарын сақтау, жамағатқа дұрыс ақпарат жеткізу және халал өнімдердің маңыздылығын насихаттау бағытында нақты мәліметтер берді.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – дін қызметкерлерінің халал саласындағы білімін арттырып, қоғам арасында адалдық пен халал тұтыну мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.