ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «НАРЛЕН» ЖӘНЕ «ДЕМЕУ» ШҰЖЫҚ ӨНДІРІСІНЕ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

03.06.2026

Түркістан облысы

94

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «НАРЛЕН» ЖӘНЕ «ДЕМЕУ» ШҰЖЫҚ ӨНДІРІСІНЕ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысында «Нарлен» және «Демеу» сауда маркаларымен өнім шығаратын шұжық өндірісі тексерілді.

Тексеру жұмыстары барысында өндірістің халал талаптарына сәйкестігі, шикізаттардың құжаттары, өндірістік үдерістер мен санитарлық жағдайлар қаралды.

Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» маманы, технолог Аружан Аралбай жүргізді. Тексеру барысында кәсіпорынға халал стандарттарының талаптары түсіндіріліп, бірқатар өндірістік мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

«Халал Даму» ұйымы халал өнімдердің сапасы мен тұтынушылар сенімін арттыру мақсатында кәсіпорындарға тұрақты түрде аудит  жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Телефон WhatsApp